15:06, 28 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Азия ойындары: Гимнаст Нариман Құрбанов қола алды
Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы ат үстіндегі жаттығудың финалдық сатысында сынға түсті. Нәтижесінде 15.100 балл жинап, үшінші орынға тұрақтады.
Бұл жарыста бас жүлде Тайбэйден келген Чин-Кай Лиге бұйырса, екінші орынға жапониялық Рето Цумароға жайғасты.
Еске салсақ, бүгін ел құрамасы қоржынына екі алтын медаль түсті.
Алдымен Зухра Ирназарова 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында чемпион атанды.
Одан кейін Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды.