Азия ойындары: Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден күміс медаль алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Азия ойындары: Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден күміс медаль алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Құрамында Бақтияр Ибраев, Андрей Худяков және Асадбек Назиркулиев бар қазақстандықтар 10 метрден жылжымалы нысанға оқ атудан екінші орынға көтерілді.

Қазақстан құрамасы индонезиялықтардың алдын орап кеткенімен, соңғы сында оңтүстіккореялықтарға есе жіберді.

Осылайша, Азиадада Қазақстан қоржынына әзірге жеті медаль түссе, соның екеуі – күміс, бесеуі – қола.

Бүгін Қазақстан дзюдо құрамасынан Аруна Жангелдина, Кәмила Берліқаш және Нұрлыхан Шархан қола жүлде үшін бәсекеге түседі. Биылғы Азиададан қазақстандық дзюдошылар алтынсыз қайтатын болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сәкен Бибосыновтың Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар