Азия ойындары: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде қай орында тұр

Азия ойындары: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде қай орында тұр
Фото: Olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының медальдар кестесінде Қазақстан құрамасының қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қазір ел құрамасы еншісінде 51 медаль (5 алтын, 11 күміс, 35 қола) бар. Медальдар кестесінде 13-орында тұр.

Бұл жөнінен Қытай 314 медаль алып, (169 алтын, 94 күміс, 51 қола) көш бастаған. Одан кейінгі орындар Жапония (147 медаль: 37 алтын, 51 күміс, 59 қола), Оңтүстік Корея (146 медаль: 33 алтын, 45 күміс, 68 қола) еншісінде.

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

Қытай - 169-94-51 (314)

Жапония - 37-51-59 (124)

Оңтүстік Корея - 29-41-41 (111)

Үндістан - 18-31-32 (81)

Өзбекстан - 16-16-22 (54)

Тайвань - 12-14-20 (30)

Таиланд - 10-12-24 (46)

Солтүстік Корея - 9-11-8 (28)

Бахрейн - 9-1-5 (15)

Гонконг - 7-15-28 (50)

Қазақстан - 5-11-35 (51).

Еске салсақ, Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар