Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жүлде саны жөнінен алғашқы бестікке кірді

спорт
Фото: Коллаж: ҚазАқпарат/ҚР ҰОК

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының қорытынды нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 80 медаль алып, жүлде саны жөнінен алғашқы бестікке кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасы екі аптадан астам уақыт бойы 80 медаль (10 «алтын», 22 «күміс», 48 «қола») еншіледі. Бұл жөнінен қазақстандық спортшылар бесінші орынға жайғасты.

Ал Өзбекстан құрамасы 71 медаль (22-18-31) алып, алтыншы орынға табан тіреді.

Медальдар кестесіндегі үздік ондықтағы құрамалар:

1.Қытай - 383 (201-111-71)

2. Оңтүстік Корея - 190 (42-59-89)

3. Жапония - 188 (52-67-69)

4. Үндістан - 107 (28-38-41)

5. Қазақстан - 80 (10-22-48)

6. Өзбекстан - 71 (22-18-31)

7. Кытайлық Тайбэй - 67 (19-20-28)

8. Таиланд - 58 (12-14-32)

Еске салсақ, бүгін Азия ойындарында каратэші Мөлдір Жаңбырбай күміс медаль алды.

Сондай-ақ, қазақстандық спортшылар артистік жүзуден командалық сайыста қола жүлдегер атанды.

 

Соңғы жаңалықтар