Азия ойындары: Начын Куулар еркін күрестен ел қоржынына қола салды
АСТАНА. KAZINFORM — Начын Куулар Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында жарқын камбэк жасап, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
ХХ жазғы Азия ойындарында еркін күрестен Қазақстан командасының қоржынына қола медаль түсті.
Қазақстан командасының спортшысы Начын Куулар 65 кг дейінгі салмақта Ким Кван Жимен қола жүлдені сарапқа салды.
Белдесу барысында есе жіберіп тұрған Начын Солтүстік Корея палуанынан жеңісті жұлып алды. Есеп: 7-5.
Бұдан бұрын қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында омниум сайысынан күміс жүлдегер болғанын жазғанбыз.