Азия ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды
Су добынан еліміздің ерлер құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасы 3-орын үшін өткен ойында Иранмен шеберлік байқасты. Кездесудің негізгі кезеңі 7:7 есебімен тең аяқталды. Буллит сериясында қазақстандық спортшылар 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Ел құрамасы топтық кезеңде Сингапурды 22:4, Гонконгты 25:4 есебімен жеңсе, Жапонияға 13:15 есебімен есе жіберді.
Ал жартылай финалда Қытайға 13:14 есебімен жол берді.
Айта кетсек, жарыс барысында 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жолдамалар сарапқа салынады.
Су добынан еліміздің ерлер құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді.
2006 жылы қола жүлдегер болса, қалғанында чемпиондық атаққа қол жеткізді.