Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері Мария Бровкова: Алдағы мақсатым – олимпиада жолдамасына қол жеткізу

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері Мария Бровкова жарыс нәтижесі туралы өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорт
Photo: facebook.com/qazaqsports

Батыс Қазақстан облысының өкілі, 18 жастағы М.Бровкова 2 қазан күні отандасы Руфина Искаковамен бірге 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанса, бүгін 200 метрден бір адамдық каноэда мәреге үшінші болып жетті.

Қазақстандық ескекші бәсекенің қиынға түскенін, қарсыластарының осал еместігін жеткізді.

«Кеше күн желді болып, ол да жүзуге қиындық келтірді. Бірақ барынша сәтті өнер көрсете білдік. Қарсыластарыма тоқталсам, бүгін қытайлық ескекші мықты болды. Олимпиада лицензиясын алып үлгерген таиландтық спортшы да ешкімнен кем түспейді. Ең бастысы, басында жедел қимылдап, қалып қоймауға тырысу керек. Алдағы жылы сәуір айында лицензиялық Азия чемпионаты өтеді. Міне, сонда Париж олимпиадасының жолдамасына қол жеткізу үшін барымды саламын. Енді соған дайындаламын. Маған жанкүйер болған қазақстандық жанкүйерлердің бәріне, отбасыма, достарыма, бапкерлеріме алғысымды айтамын», деді Мария Бровкова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түскенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Мария Бровкова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ағайынды Емельяновтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті.

Алексей Луценко Қазақстан қоржынына бесінші алтын медальді салды.

 

Соңғы жаңалықтар