Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті

азиада
Фото: hangzhou2022.cn

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додада Азия Олимпиада кеңесі (АОК) құрамындағы 45 елден 12 500-ден астам спортшы келгенін атап өтті. Бұл - рекордтық көрсеткіш. 2018 жылы Индонезияда өткен Азиадада 11 300 адам тіркеліп, жаңа рекордтық көрсеткіш орнаған еді.

Ханчжоудағы Азия ойындары 1990 жылғы Бейжің мен 2010 жылғы Гуанчжоудан кейінгі Қытайда өткен үшінші Азия ойындары ретінде ерекшеленді.

азиада
Фото: hangzhou2022.cn

Биыл еліміздің атынан Ханчжоу қаласында 30 спорт түрінен 524 қазақстандық саңлақ бақ сынады.

Отандық спортшылар қоржынында 80 медаль (10 алтын, 22 күміс, 48 қола) жиналды. Осылайша, қорытынды медальдық есепте Қазақстан 11-ші орынға жайғасты.

азиада
Фото: hangzhou2022.cn

Қазақстандық спортшылар биыл сегізінші мәрте Азия ойындарына қатысып отыр. Бұған дейін жалпы командалық есепте 1994 жылы - 4 (77 медаль: 25 алтын, 26 күміс, 26 қола), 1998 жылы - 5 (78 медаль: 24 алтын, 24 күміс, 30 қола), 2002 жылы - 4 (76 медаль: 20 алтын, 26 күміс, 30 қола), 2006 жылы - 4 (85 медаль: 23 алтын, 20 күміс, 42 қола), 2010 жылы - 5 (79 медаль: 18 алтын, 23 күміс, 38 қола), 2014 жылы - 4 (84 медаль: 28 алтын, 23 күміс, 33 қола), 2018 жылы - 9-ыншы (76 медаль: 15 алтын, 17 күміс, 44 қола) орын алды.
Ал төрт спортшымыз 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жолдамаға қол жеткізді. Олардың қатарында бессайыстан Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова бар.

Енді Азия ойындары 2026 жылы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар