Азия ойындары: Қазақстандық волейболшылардың қарсыластары анықталды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін XIX жазғы Азия ойындарына қатысатын волейболдан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия ойындары: Қазақстандық волейболшылардың қарсыластары анықталды
Фото: sports.kz

Дүбірлі дода 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Азия ойындарынде ерлер арасында волейболдан 19 құрама қатысады. Қазақстандық волейболшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Қытай мен Қырғызстан.

2018 жылы Индонезия астанасы Джакартада болған Азия ойындарында еліміздің ерлер құрамасы жалпы есепте 17-орынды місе тұтты.

Ал еліміздің әйелдер құрамасы жеребе бойынша D тобында Жапония, Гонконг пен Ауғанстанмен шеберлік байқасады.

2018 жылы Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы есепте 5-орынға тұрақтады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия ойындарында Париж Олимпиадасына қай спорт түрінен жолдама берілетіні белгілі болды.