Азия ойындарына М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің үш бірдей студенті қатысады

ОРАЛ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Нұрберген Жұмағазиев, Ксения Мотова, Инна Симонова алдағы Азия ойындарына қатысады.
None
None

Олар шорт-тректен Қазақстан құрамасы сапында сынға түседі. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын шорт-трекшілер құрамасының негізін батысқазақстандықтар құрайтыны мәлім.

Унниверситет ректоры, тарих ғылымдарының докторы, өзі де спортты сүйетін Тұяқбай Рысбековтің айтуынша, оқу орнында дене шынықтыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын университет оқытушылары мен студенттері арасында «Денсаулық» спартакиадасы ұйымдастырылады. Биылғы спартакиада жетінші Азия ойындарына арналды. Жарыс қорытындысында жеңімпаз-жүлдегерлерге сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ педагогика және спорт ардагерлері де ұмыт қалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар