Азия ойындарында қазақстандық хоккейшілер Таиланд командасынан жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия ойындарында  қазақстандық хоккейшілер Таиланд командасынан жеңіліп қалды

Қазақстандық хоккейшілер алғашқы кездесуде Таиландпен кездесті. Ойын барысында олар қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, ұлттық құрама А тобында Оман, Таиланд, Гонконг және Өзбекстанмен шеберлік байқасады.

Енді олар 7 мамырда Оманмен, 9 мамырда Өзбекстанмен ойнайды. Ал 10 мамырда Гонконг құрамасымен кездеседі.

Аталған топтағы тағы бір кездесуде Өзбекстан Гонконгтен 4:2 есебімен басым түсті.

В тобында Бангладеш, Шри-Ланка, Индонезия және Сингапур құрамалары ойнайды.

Қазақстандық хоккейшілер аталған доданың финалдық кезеңінде екі мәрте бақ сынады. 1994 жылы 6-орын алса, 2018 жылы 11-орынды місе тұтты.