Азия пара ойындары: Қазақстандық пара жүзушілер қола жүлдені еншіледі
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында аралас комплекстік эстафетада қазақстандық пара жүзушілер қола жүлдені еншіледі, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстандық спортшылар Азия пара ойындарында 4х50 м аралас комплекстік эстафетада сынға түсті. Жарыс барысында қазақстандық пара жүзушілер қола жүлдені еншіледі. Көрсеткіші – 3:03.74.
Бірінші орын Қытай құрамасына (2:30.36) бұйырса, екінші орынға Жапония құрамасы (2:49.49) ие болды.
Ел құрамасы сапында Зульфия Габидуллина, Сиязбек Далиев, Наталья Звягинцева және Айсұлтан Құлқаев ойын көрсетті.
Қазірге дейін ел құрамасы 31 медаль еншіледі. Оның ішінде 5 алтын, 10 күміс, 16 қола.
Биыл пара ойындарда еліміздің атынан спорттың 14 түрі бойынша 131 спортшы қатысады.