Азия Пара ойындары: Жұрқамырза Шүкірбеков алтын медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Азия Пара ойындары ел қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының баспасөз қызметі.
Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 санатында +95 кг cалмақта ирандық Кхеироллахзаден Варзи Мохаммад Резаны жеңіп, жарыс чемпионы атанды.
Осыған дейін отандық пара велошабандоздар Азия ойындарында екі алтын жеңіп алғанын жазғанбыз.
Сонымен қатар Қазақстан Азия Пара ойындарында садақ атудан алғаш рет күміс медаль еншіледі.
Бұдан бөлек, Зарина Райфова Азия Пара ойындарының жеңімпазы атанды.