11:57, 03 Шілде 2009 | GMT +5
«АзияАвто» ең заманауи автомодельдердің сериялық өндірісін бастайды
ӨСКЕМЕН. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемендегі «АзияАвто» зауыты еуропалық премьералардың соңын ала «Skoda» көлігінің соңғы заманауи «Skoda Superb B6» және «Skoda Octavia A5 F1» модельдерін құрастыруды бастағалы отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өндірістік цикл аудиті мен автокөліктердің тәжірибелік партияларының сынақтарының қорытындысы бойынша концерн өкілдері зауыттың өндірістік кешенінің жетекші еуропалық автоконцерннің жаңа модельдерін шығаруға дайындығына жоғары баға беріп өтті.
«Skoda Auto a.s.» шетелдік жобасының жетекшісі Мирослав Кроуп өз сөзінде, «қазақстандық серіктестер жаңа модельдің өндірісіне дайындықты Женева автосалонында өткен Superb моделінің таныстырылымымен қатар дерлік бастады. Біз ынтымақтастық жылдары қол жеткізген тәжірибенің «АзияАвто» мамандарына жаңа модельдерді игеруге мүмкіндік беріп отырғанына қуаныштымыз», - деп атап көрсетті.