Азияда Кремний алқабына ұқсас орталықтар саны өсуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Азияда Кремний алқабына ұқсас ғылыми-техникалық орталықтар саны өсуде. Бұл туралы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала шығарылымда «Ғылыми-технологиялық кластерлер (ҒТК)» тарауына – Кремний алқабы сияқты ғылыми-техникалық орталықтардың ең көп шоғырланған жерлерін талдауға баса назар аударылған.
Бүгінгі таңда кластерлер рейтингінде Токио–Йокогама кластері көш бастап тұр, одан кейін Шэньчжэнь–Гонконг–Гуанчжоу (Қытай және Гонконг, Қытай), Бейжің (Қытай), Сеул (Корея Республикасы) және Сан-Хосе–Сан-Франциско (Америка Құрама Штаттары).
Сонымен қатар ғылыми-техникалық қызметтің халық санына қатысты ең жоғары қарқындылығы Біріккен Корольдіктегі Кембридж және Нидерландыдағы/Бельгиядағы Эйндховен кластерлерінде, одан кейін Корея Республикасындағы Тэджон, Сан-Хосе–Сан-Франциско және Біріккен Корольдіктегі Оксфорд кластерлерінде тіркелген.
Фото: ВОИС