10:29, 27 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Азиядағы өзара ықпалдалдастық және сенім шаралары кеңесінің саммиті Шанхайда 2014 жылы мамыр айында өтеді
БЕЙЖІҢ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің саммиті Шанхай (ҚХР) қаласында келесі жылы мамыр айында өтеді, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.

«Қытай Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне мүше мемлекеттердің бірі ретінде Ұйымның қызметіне белсенді қатысады және АӨЫСШК-нің толыққұқықты халықаралық ұйым ретінде құрылуын қолдайды», - деп жазады «Синьхуа».
ҚХР 2014-2016 жылдар аралығында АӨЫСШК-ға төрағалық ету миссиясын қабылдады.
Еске сала кетейік, АӨЫСШК Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздейтін ықпалдастықты нығайту бойынша халықаралық форум болып табылады.
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің саммитін шақыру идеясын алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын.