Азиялық саяси партиялардың халықаралық конфедерациясы Қазақстанды G20 құрамына қосуды ұсынады-Конфедерация төрағасы Хосе де Венесиа

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Азиялық саяси партиялардың халықаралық конфедерациясы Қазақстанды "G20" деп аталатын үлкен жиырмалықтың құрамына қосуды ұсынды.
None
None

Мұндай ұсынысты бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде аталған халықаралық конфедерацияның төрағасы Хосе де Венесиа (Филиппин) мәлім етті.

«Орталық Азияға басымдықты даусы бар мемлекет қажет. Сондықтан да мен Қазақстанды "G 20" деп аталатын үлкен жиырмалықтың құрамына қосуды ұсынамын. Бұл қадам Қазақстанның Еуразия мемлекеттерінің атынан шығуы үшін керек»,-деп атап өтті Х. Венесиа.

«Н. Назарбаев Қазақстанды ядролық қарудан босату секілді парасатты шешімін жасады. Осы арқылы Қазақстан Президенті әлемдегі ядролық қару санын азайту жаһандық бастамасында Қазақстанды көшбасшы етті. Атап айтқанда, Қазақстан ядролық қарудан таза мемлекет ретінде барша әлемге үлгі болып отыр»,-деді конфедерация төрағасы.

Осы орайда ол осы парасатты қадамдарды ескере отырып, Нобель сыйлығын тағайындайтын судьялар бұл бастамаларды бағалайтынына сенім артты.

Соңғы жаңалықтар