Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әзім Ниязов таеквондодан Пәкістандағы турнирде қола жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан таеквондодан Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан President Cup турнирінде үшінші жүлдесін жеңіп алды.

Әзім Ниязов таеквондодан Пәкістандағы турнирде қола жүлдегер атанды
Фото: ҚР ҰОК

Ерлер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Әзім Ниязов жарыста қола медальға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева (49 келіге дейін) қола медаль еншілеген еді.

Халықаралық турнир 20 тамызда аяқталады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыққанын жазғанбыз.