Азық-түлік бағасы: айналымды қаржыландыру және бөлу схемасы қайта қаралмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бағытында бірқатар жоспар бар. Олар бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жыл басынан бері негізгі азық-түлік бағасының өсуі 18,7% болды.

Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев облыстардағы сауда үстемесі жөніндегі комиссиялар мен мониторингтік топтардың жұмысы туралы мәселені көтерді. Ол комиссиялардың жұмысын толығымен қайта қарап, азық-түлік бағасының қалыптасуына тікелей әсер етіп отырған арадағы делдалдарды анықтауға жұмылдыруды ұсынды.

Әкімдер мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы ақпаратын тыңдаған Серік Жұманғарин алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгіледі.

«Негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілер қауымдастықтарымен кездесу сессиясын өткіздік. Айналым қаражатын қаржыландыру және бөлу схемасын қайта қарайтын боламыз, ӘМАТ-тың бес атауы бойынша өндірушілермен тікелей келісімшарт жасасу схемасына көшуді жоспарлап отырмыз. Біздің міндетіміз – тапшылыққа жол бермеу және негізгі азық-түлік өнімдері бағасының өсу қарқынын төмендету. Ең бастысы – толық бақылауды, оның ішінде өңірлік комиссиялардың қызметін бақылауды қамтамасыз ету. Делдалдарды анықтау бойынша өңірлік комиссиялар құру – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Олардың жұмысын Сауда және интеграция министрлігінің өңірлік бөлімшелерінің ресурстары есебінен күшейту қажет. Бұл жұмысты Сауда комитетіне тапсырамын», - деді

Серік Жұманғарин.


Соңғы жаңалықтар