«Азық-түлік келісімшарт корпорациясына» 601 млн. теңге залал келтірген астық қабылдау кәсіпорнының директоры 7 жылға сотталды - БҚО

ОРАЛ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысындағы Пойма астық қабылдау кәсіпорнының директоры Мәлік Иманғалиев мүлкін тәркілеумен бірге 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, сот оны өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жойып жіберген деп таныды.

Аталмыш бап бойынша Иманғалиевпен бірге қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамауда болған «Пойма астық қабылдау кәсіпорны» ЖШС жалғыз құрылтайшысы Мұрат Жаркеев кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты сот үкімімен ақталып, сот залынан босатылды.

«Пойма астық қабылдау кәсіпорны» ЖШС қоймасында сақтауға қойылған «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ға тиесілі 13 мың тонна бидайдың жетіспеу фактісі бойынша 2012 жылы қылмыстық іс қозғалған болатын.

Тергеу органдары анықтағанындай, «Пойма астық қабылдау кәсіпорны» ЖШС директоры Мәлік Иманғалиев өз қоймасынан 2012 жылдың сәуір айынан бастап белгісіз тұлғаларға бидайды жөнелтіп отырған. Сонымен қатар ай сайын «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ға бидайды сақтағаны үшін төлемнің есеп-фактурасын беріп отырған. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ға келтірілген шығын көлемі 601 миллион теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар