Азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлардың базардағы орташа бағасы импорт бағасынан бірнеше есеге асып түсіп отыр

АҚТАУ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ақпан айының 6-сы мен 12-сі аралығында Маңғыстау облысында азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлардың базардағы орташа бағасы импорт бағасынан бірнеше есе жоғары болған,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Кедендік бақылау департаментіне сілтеме жасап. Мәселен, картоптың 1 киләсінің орташа импорттық бағасы 23 теңге болса, базардағы құны 98 теңге болып, орташа бөлшек сауда бағасы импорттық бағадан 4,2 есе көбейген. Сол сияқты қиярдың киләсі 44 теңгеден сатып алынып, базарда 244 теңгеге, 40 теңгенің 1 килә қызанағы 290 теңгеге сатылған. Ал тұтынатын тауарлардан 1 аяқ киімнің орташа импорттық бағасы 3288 теңге болса, базарда ол 6071 теңгеге бағаланған.
Соңғы жаңалықтар