Азық-түліктің бағасы көтерілмейді - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласының және облыстың басшылығы жергілікті шикізатпен жұмыс істейтін кәсіпорындардың басшыларымен,
None
None
ірі тауар жеткізілімшілер және фармацевтік компаниялармен Баға орнықтылығы туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс орталығындағы он екі наубайхана нанды 45 теңгеден сату туралы міндеттеме қабылдады. Сүт және ет өнімдерінің де бағалары өзгермейтін болды: меморандумға қол қойғандардың қатарында сүт өнімдерінің ірі жеткізілімшісі «Сүт» АҚ және Екібастұз ет комбинаты бар. Өткен аптадан бастап көтерілген доллар бағамы аталған кәсіпорындар өндіретін азық-түлік өнімдерінің өзіндік құнына әсер етпейтін болды. Атқарушы билік сондай-ақ импорттық тауарлардың ірі жеткізілімшілерімен де келісімге отырды. Көтерме жеткізілімшілер сырттан әкелініп қойылған жуғыш заттардың құнын көтермеуге, сауда нүктелеріне ол тауарларды бұрынғы бағамен өткізуге келісті. Фармацевтикалық компаниялар болса, өз өнімдерін 5-10 пайыздан артық қымбаттатпауға уәде беріп отыр. Облыста базарлар мен дүкендердегі бағаны қадағалап отыратын жұмыс тобы құрылды. Сенбі күні Павлодардағы сенбілік жәрмеңкені аралаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бауыржан Қасенов ауыл шаруашылығы өнімдерінің де қымбаттамайтынын айтты.
Соңғы жаңалықтар