17:12, 08 Қараша 2013 | GMT +5
Б. Байбек пен ҚХР Елшісі «Нұр Отан» партиясының Қытай Коммунистік партиясымен одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпаарт - Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лэ Юйченмен кездесті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында тараптар «Нұр Отан» партиясының жаңа саяси Доктринасы және Қытайдың Коммунистік партиясымен одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.