Б.Иманбаева: Елбасы - ғаламдық мәселелердің түйінін тарқату жолдарын көрсеткен көреген саясаткер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Н.Ә.Назарбаев - әлемдік деңгейдегі саясаткер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оған ҚР Ұлттық ғылым акедемиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ә.Н.Нысанбаев, қаладағы жоғары оқу орындарының профессорлары, тарихшы мамандар, студенттер және аталмыш университет қызметкерлері қатысты.
None
None

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік дәрежедегі саясаткерлік бейнесін ашып көрсету арқылы біз студенттерді Мәңгілік Ел ұлттық идеясы негізінде қазақстандық паториотизмге тәрбиелеу, көшбасшы болуға ұмтылдыру, біліктілік пен кәсібилікке шыңдауды мақсат еттік. Өйткені Н.Ә.Назарбаев адамзатқа ортақ ғаламдық мәселелердің түйінін тарқатудың жолдарын көрсеткен, болашақты болжай білетін көреген саясаткер», - деді бүгінгі шараны ұйымдастырған аталмыш жоғары оқу орнының қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Бибігүл Иманбекова.

Семинарда академик Әбдімәлік Нысанбаев Елбасының қазақтың тарихи, мәдени, рухани мұраларын зерделеуге, жинақтауға көп еңбек сіңіріп, зерттеуші ғалымдарға үлкен серпін бергенін, «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы көптеген дүниелер реттеліп, қазақтың әлемдік деңгейдегі философтарының есімдері қайта жаңғыртылғанын айта келе, кітапхана қорына бірнеше кітаптарын тарту етті.

Шара барысында Елбасының өз елін басқаруда уақыттан озып, ұзақ мерзімді болашақты ойластыруға арналған «Қазақстан-2050» стратегиясы, бес нституционалдық реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» - Ұлт жоспары, Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы туралы және өзінің әлемдік қауымдастық алдында бейбітшіліктің жақтаушысы ретінде жаһандық мәселелерді шешуге айтарлықтай үлес қосып келе жатқан айтулы тұлға екендігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар