13:24, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Б.Камалиев Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру барысы туралы кеңес өткізді
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру барысы туралы кеңес өткізді,

деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Кеңестің жұмысына ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстық департаменттерінің басшылары, жобаны басқару жөніндегі консультанттар мен мердігерлік компаниялардың жетекшілері қатысты.
Кеңес барысында осы жоба бойынша жұмыс жоспарын орындау және қаржыны игеру мәселелері талқыланды. Мердігерлік компанияларға қаржыны толығымен игеруді қамтамасыз ету және ағымдағы жылдың аяғына дейін шақырымда құрылыс жұмыстарын аяқтау тапсырылды.