Б.Камалиев POLAT жол-құрылыс компаниясының жетекшісімен кездесті

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев POLAT түрік жол-құрылыс компаниясының атқарушы директоры Шабан Полатпен кездесті, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Шабан Полат компания қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар етті. POLAT компаниясы 1945 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 1975 жылдан бері құрылыс жұмыстарымен айналыса бастаған. Компания автомобиль жолдарының (59%), темір жолдардың (6%) құрылысын жүзеге асырады. Қазіргі таңда компания Әзірбайжанда автомобиль жолдарының, Грузияда темір жолдардың құрылысын іске асыруда. Сонымен қатар, түрік компаниясы Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын салуға қызығушылық танытып отыр.

Көлік ведомствосының басшысы Б.Камалиев делегация мүшелеріне жол саласында жоспарланған жобалар жайында ақпарат бере отырып, қызығушылық танытқан компанияның конкурс шарттарын министрліктің сайтынан алуына болатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар