Б.Қажиев: Алдағы қыста электр энергиясымен жабдықтауда проблема болмайды

«Толықтай алғанда, ұлттық электр желілерінде барлығы да кесте бойынша жүргізілуде. Магистралдық электр беру желілеріндегі барлық жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Стансалардағы жоспарланған жұмыстар қазіргі уақытта орындалды. Алдағы қысты еш қиындықсыз өткіземіз деп отырмыз», - деді ол.
Оның атап өтуінше, соңғы жылдары Орталық Азиядағы көрші елдердегі ахуал біршама қиын болып тұр. Дегенмен бұған қарамастан еліміздегі барлық электр стансалары кесте бойынша жұмыс істесе, ешқандай күрделі жайт туындамайды. Алдағы қыста Қазақстаның оңтүстігінен шамамен 3,5 мың МВт электр энергиясын өткізу жоспарланған. Ал ол үшін бұл өңірдегі электр стансалары шамамен 2 мың МВт электр энергиясын өндіруі қажет. Оның ішінде Жамбыл СЭС-і 650 МВт, Оңтүстік Қазақстандағы Энерго орталық-3 130 МВт электр энергиясын өндіруі тиіс.