«Б» корпусындағы мемқызметші жоғары лауазымға конкурстық іріктеусіз тағайындалады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметшілерді «Б» корпусының жоғары лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау тәртібі енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Б» корпусындағы мемқызметші жоғары лауазымға конкурстық іріктеусіз тағайындалады

Спикер мемлекеттік қызметке орналасудағы артық кедергілерді жою туралы Президент тапсырмасы щеңберінде заңға енгізілген тиісті түзетулер туралы айтты.

«Б» корпусының кейбір жоғары тұрған лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау мүмкіндігі қарастырылды. Бұл жеке сектордан білікті және салалық тәжірибесі бар мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері агенттік осындай 14 тағайындауды мақұлдады. Жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, тексеру комиссияларында, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде оқу бітіргеннен кейін 1 жыл ішінде жоғары үлгерімін көрсеткен (GPA) Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының үздік түлектерін мемлекеттік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындау көзделген», - деді Азамат Жолманов.