Б.Момышұлының туған жерінде жас «бауыржандықтар» жасақтар құрылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Ағымдағы жылы 100 жылдық мерейтойы аталып өтілетін Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының туған жерінде, Жуалы ауданында жас «бауыржандықтар» жасағы қүрылды.
None
None

Қозғалысқа «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының аудандық филиалы мұрындық болып отыр.

Жергілікті журналист Гүлмира Дембаеваның айтуынша, жас «бауыржандықтар» ауыл қарттарына көмек қолдарын созбақ.

«Жас көмекшілер қазірдің өзінде Виктор Мефодьевич Гончаровтың үйінде болды. Кезінде оның атасы мен әкесінің үйінде Бауыржан Момышұлы тұрып, Евгеньевка ауылындағы мектепте білім алған болатын. Балалар болашақ қолбасшының және халық батырының ерекше мінезінің қалай қалыптасқандығы, Баукеңнің балалық және жастық шағы туралы қызықты деректерге қанықты», дейді Г.Дембаева.

Соңғы жаңалықтар