10:49, 30 Сәуір 2009 | GMT +5
Б.Обама: АҚШ президенттігіндегі 100 күн
ВАШИНГТОН. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Барак Обама АҚШ президенті қызметіндегі 100 күндігіне арнап баспасөз мәслихатын өткізіп, онда экономикалық және әлеуметтік дамудың ең маңызды мәселелеріне тоқталып өтті.

Атап айтқанда Б.Обама АҚШ-тың үлкен экономикалық қиыншылықтарға кездескенін және оның әкімшілігі соларды шешу үшін біраз істі еңсергенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. «Прогресс жоқ емес, бірақ бұл бағытта атқарылатын жұмыстар әлі де көп», - деп атап көрсетті АҚШ Президенті. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған доңыз тұмауы вирусының таралуымен күресу мәселесіне тоқталған Обама, бұл проблеманың күрделі екенін және оның әлемде дүрбелең болмаса да, үлкен алаңдаушылық туғызып отырғанын жеткізді. Ол сондай-ақ АҚШ пен Мексиканың арасындағы шекараны жабудың қажетсіз екенін, себебі вирустың Америка аумағында таралып отырғанын айтты.
Ал халықаралық мәселелер туралы айтқан Б.Обама, Ирак пен Пәкістан мәселелеріне ерекше тоқталып өтті.