Б.Сағынтаев Бакуде Қазақстан мен Әзербайжанның транзиттік әлеуетін талқылады (ФОТО)

Б. Сағынтаев бастаған құрамында ӘР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Исабаев, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, ҚР Инвестициялар және даму министррінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары Ғосман Әмірин бар қазақстандық үкіметтік делегация «Баку халықаралық теңіз сауда порты» ЖАҚ-қа барып, оның жұмысымен танысты.
Тараптар Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалдау үдерісін үдету мәселесін сөз етті.
Біраз жаңашылдықтарды енгізу нәтижесінде жүк көліктерінің өтуі және жүкті тиеуі шаруасы екі күннен үш сағатқа қысқарды.
Әзербайжан Мемлекеттік кеден комитетінің ақпаратына сәйкес, Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы тауар айналым 2015 жылы 116 миллион АҚШ долларынан асқан.
Оның ішінде өткен жылы Қазақстанға құны шамамен 18 миллион долларды құрайтын әзербайжандық тауар экспортталды, Әзербайжанға 99 миллион долларға жуық қазақстандық тауар импортталды.