Б. Сағынтаев БҚО әкімдігіне өңірдегі тасқындардың алдын алу және оларды жоюға арналған бірқатар қосымша шаралар қабылдауды жүктеді

Күннің алғашқы жартысында бірінші вице-премьер Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің балық шаруашылығы ғылыми зертханасында болып, оның жетістіктерімен танысты. Бұл зертханада жетілдірілген жаңа технология мен тың технологиялық шешімдер негізінде тұйық суда бекіре балық өсіріп, қара уылдырық өндірудің ғылыми-технологиялық өндірісі жолға қойылған.
Бақытжан Сағынтаев Оралда Зачаганск ауылының жаңа шағын ауданына барды, ол жерде көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінің құрылысы барысымен танысты. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде қалада барлығы жеті тұрғын үй құрылысы, яғни әкімдікте үй алуға кезекте тұрған қала тұрғындары үшін салынып жатқан үш 75 пәтерлі үй және жас жанұяларға арналған төрт көп пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр.
Одан кейін бірінші вице-премьер «Көктем-2013» республикалық командалық-штабтық оқу шеңберінде Шаған су қоймасы су торабының тасқынға дайындығын қарады.
Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар «Жайықжылуқуат» АҚ ЖҚО болып, газотурбиналық қондырғыны қарап, турбина цехы мен басқару орталығын аралады. Бұдан басқа үй құрылысы комбинатының құрылысымен танысты.
«Агрореммаш» АҚ бірінші премьер-министр өртке қарсы құралдар өндірісі мен коммуналдық техникаларды қарады. Металл конструкциясының бетіне қорғаныш жағу өндірісін де аралады. Бұл кәсіпорын «Жол картасы - 2020» бағдарламасы негізінде қаржылай қолдау алған болатын.
Бұдан кейін шыныдан жасалатын көп қабатты оқшаулайтын бұйымдар өндіру, шыныпакеттерді дайындау, сонымен қатар шыныларды жеткізумен айналысатын «Стекло-сервис» ЖШС-қа барды. Бұл кәсіпорынның өз жобалары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде қолдау тапты.
Күннің екінші жартысында Бақытжан Сағынтаев «Орал сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС-да болып, полиэтилен трубалары өндірісімен танысты.
Бақытжан Сағынтаев қорытынды кеңесте Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі тасқындардың алдын алу және оларды жоюға арналған бірқатар қосымша шаралар қабылдауды, гидротехникалық құрылыстардың және жағалауды нығайту жұмыстарының тұрақтылығын ұйымдастыруды, сонымен қатар, елді мекендерді су басу қауіпі туған жағдайда қауіпсіз аймақтарға көшу туралы халықпен белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Одан басқа, бірінші вице-премьер облыс әкімдігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының негізсіз өсіп кетуіне жол бермеуді тапсырып, өңірде бұған әсер ететін құралдар бар екенін атап өтті.
Батыс Қазақстан облысы басшылығы өңірдегі үй құрылысы комбинаттарының тұрғызылуы туралы мәселелерді шешу бойынша белсенді түрде жәрдемдесуі қажет. Сонымен қатар, облыс басшылығы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша салынатын үйлердің іске асу процесін қатаң бақылауда ұстауы қажет.
Сонымен қатар, жиында өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Батыс Қазақстан облысының географиялық орналасуын және оның транзиттік әлеуетін есептей келе, жүк тасқындарын кеңейту мәселелеріне мән беру қажет, бұл - бүкіл өңірдің экономикасын дамытуға мультипликативті әсерін тигізетін болады деп қорытындылады өз сөзін Бақытжан Сағынтаев.