Б.Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев видеконференцбайланыс режімінде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Pm.kz.
None
None

Кеңес мүшелері тауарлардың нақты түрлеріне кедендік әкелім бажының мөлшерлемесін төмендетуге байланысты кедендік-тарифтік реттеу мәселелерін қарады.

Сонымен, қазақстандық кәсіпорындардың өтініші бойынша Қазақстан Республикасының аумағына 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2021 жылғы 31 тамызға дейін әкелінетін титан оксидінің кедендік бажынан босату туралы шешім қабылданды. Аталған шара өндіріс шығынын төмендетуге, сондай-ақ отандық титан өнімдерін өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, отырыс барысында электр қозғалтқышы бар автокөліктерге, сондай-ақ табиғи газды отын ретінде пайдаланатын көлік құралдары компоненттерінің жекелеген түрлері үшін кедендік әкелім бажының мөлшерлемесін төмендету мақұлданды. Қазақстан үшін аталған шаралар «жасыл» экономикаға көшу аясында басымдықты болып табылады.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет жүйесіндегі «бірегей терезе» тетігін жүзеге асыру бойыншы толық Іс-шаралар жоспарын мақұлдады, ол бизнес үдерістерді оңтайландырудың тиімді құралы болып табылады және экспорттық-импорттық операциялар кезінде кәсіпкерлердің шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар