Б. Сағынтаев пен И. Шувалов ҚР мен РФ арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жағдайын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев видеомәслихат форматында РФ Үкімет басшысының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Тараптар Қазақстан мен РФ арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жағдайын, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көліктік және ақпараттық-коммуникациялық салалардағы ынтымақтастықты талқылады.

Келіссөздер барысында мұнай мен газды тасымалдау, электр энергиясын жеткізу, монополияға қарсы саланы реттеу жайын да қарастырды.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзекті мәселелерге көңіл бөлді.

Соңғы жаңалықтар