12:50, 26 Қазан 2015 | GMT +5
Б.Сағынтаев Rheinmetall германиялық концернінің басшысымен бірлескен жобаларды құру мәселесін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Rheinmetall (Германия) концернінің басқарма басшысы Армин Паппергермен кездесу өткізді.

Rheinmetall машина жасаумен, әскери техниканы, автомобильде арналған құрылымды өндірумен айналысады, деп хабарлады primeminister.kz.
Кездесуде Бақытжан Сағынтаев пен Армин Паппергер екі жақты ынтымақтастық мәселелерін, Rheinmetall-мен Қазақстанда бірлескен жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін сөз етті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Rheinmetall және «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының өкілдері өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар, Қазақстан инжиниринг» пен Rheinmetall Eastern Markets GmbH бірлескен «Rheinmetall KE» кәсіпорнын құру жөніндегі құрылтай шартына қол қойды.