Б.Сапарбаев «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанғандарға сертификаттар табыстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада жас мамандар форумында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Болашақ» стипендиясының қатарын жақында ғана толықтырған жастарға сертификаттар табыстады.

Б.Сапарбаев «Болашақ»  бағдарламасының стипендиаты атанғандарға сертификаттар табыстады

«Болашақ» бағдарламасы Елбасының бастамасымен 1993 жылы құрылғанын еске салып өткен вице-премьер: «Ол әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау жөніндегі бірінші бағдарлама болды. Өз кезегінде бағдарлама 8 мыңға жуық білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік берді», - деді.

Сонымен қатар Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына естелік сыйлықтарды табыс етті.

Айта кетейік, форумға 400-ден астам «Болашақ» президенттік бағдарламасының түлектері, «Дарын» және «Жас тұлпар» жастар сыйлықтарының лауреаттары, сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысты.