Б.Сапарбаев елордаға қажетті кадрлардың біліктілігін арттыруды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімдігінде тұрғындардың әлеуметтік әлеуеті мәселесіне арналған кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Астанаға қажетті кадрларды даярлауды тапсырды.
None
None

«Халықтың көші-қонын, жаңа нысандар құрылысын, «ЭКСПО»-ны ұйымдастыру мен өткізуді, «Универсиада-2017» шарасын ескере отырып, қала әкімдігі Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерімен бірлесе кадрларды даярлау мен біліктілігін арттырудың жоспарын әзірлеуі қажет. Сонымен қатар Ішкі істер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерімен бірігіп, елордаға келетіндер үшін есепке алу, жұмыспен қамту тәртібін даярлауы керек»,- деді Б.Сапарбаев.

Мұнымен қоса, вице-премьер денсаулық сақтау ведомствосына Астана әкімдігімен бірлесе «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын насихаттау мен жүзеге асыруды жалғастыруды жүктеді.

Соңғы жаңалықтар