Б.Сапарбаев Калачи және Березовка кенттерінде пайда болған жағдайларды зерттеу жұмысын жалғастыруды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев селекторлық кеңес өткізді, онда әлеуметтік саланың кең ауқымды мәселелері қаралды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
None
None

Отырыс қатысушылары Отан қорғаушы күнін мерекелеу тұжырымдамасының жобасын және шаралар жоспарын талқылады. Құжаттарда мерекені дәріптеу, жастардың бойында патриоттық сезімдерді қалыптастыру және нығайту шаралары белгіленген. Вице-премьер мемлекеттік органдар басшыларының назарын шаралар жоспарын дер кезінде және сапалы атқару қажеттігіне аударды.

Кеңесте сондай-ақ еңбек құқықтары мен жұмысшылар кепілдігін, соның ішінде - еңбекақы бойынша берешектердің өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Облыс басшыларының қатысуымен өткен селекторлық кеңес барысында еңбекақы жөнінде берешектері бар кәсіпорындар жөнінде нақты мысалдар қаралды. Б.Сапарбаев мүдделі мемлекеттік органдарға берешектерді жою жөнінде барлық қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.

«Ең басты міндет - әлеуметтік шиеленістердің пайда болуына жол бермеу. әлеуметтік шиеленісті одан әрі болдырмау үшін алдын ала тиісті шаралар қолға алынуы тиіс. Сондықтан да мемлекеттік органдар басшыларына жедел шаралар алуға мүміндік болуы үшін апта сайын нақты жағдайларды қарап отыруды тапсырамын», - деді вице-премьер кеңеске қатысушыларға қарата.

Отырыстың тағы бір тақырыбы қызылшаға қарсы егудің аралық қорытындыларын талқылау болды. Иммундеуден кейін қолайсыз сезіну белгісімен 396 адам дәрігерлерге жүгінген, олардың 264-і ауруханаларға жатқызылған. Қазіргі кезде олар ауруханадан үйлеріне жіберілді. Ұлттық дәрілік құралдарды, медициналық бұйымдарды және медтехниканы сараптау орталығы жүргізген вакциналарды аралық зерттеу оның құрамынан ауқытқуды тапқан жоқ. Түпкілікті сараптама 2015 жылғы 20 сәуірден кейін дайын болады және вакцинацияны одан әрі жүргізу қажеттілігі жөнінде шешім қабылданады.

«20 сәуірге дейін біз барлық себептерді анықтауға тиіспіз: қайда, қандай бұзушылықтар болды, алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін не істеу қажет екенін білуіміз керек. Егер кінәлілер анықталатын болса, олар жазаға тартылуы тиіс», - деп түйіндеді Б.Сапарбаев.

Кеңесте сондай-ақ Ақмола облысының Калачи және Батыс Қазақстан облысындағы Березовка кенттеріндегі қалыптасқан жағдай қаралды.

Энергетика вице-министрі, жұмыс тобының жетекшісі Т.Ахсамбиев баяндағандай, «қазіргі кезде Калачи кентінде ҚР Ұлттық ядролық орталығы мамандары тобы жұмыс істеуде, олар экологиялық жағдайды зерттеу жұмыстарын жалғастыруда». Ол сондай-ақ Радиациялық қорғаныс институтының (Прага қ.) және Федералдық медициналық-биологиялық агенттіктің сараптамалық қорытындыларына сәйкес (Мәскеу қ.) радиоактивтік радон газы Калачи кенті тұрғындарында «ұйқы» синдромының пайда болуына себеп емес

Премьер-Министрдің орынбасары Калачи және Березовка кенттеріндегі жағдайлардың себептерін зерттеу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға, осы кенттер тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсете отырып, экологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуге нұсқау берді. Сонымен қатар Березовка кенті аумағын қамти отырып, санитарлық-қорғау аймағын өзгерту жөнінде КПО-мен бірлескен іс-қимыл жоспарын пысықтауға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар