Б.Сапарбаев жетекші корейлік денсаулық сақтау орталықтарының өкілдерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бүгін Корея Республикасының делеациясымен кездесті, оның құрамында елдің жетекші Каннам Северанс клиникасының, денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының және халықаралық денсаулық орталығының басшылары болды, деп хабарлады primeminister.kz.
None
None

Қазақстандық тараптан кездесуге Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктерінің, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылары қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар денсаулық сақтау саласында Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының серпінді сипатын атап өтті. Бейіндік министрліктер арасында жасалған меморандумдар аясында Корея клиникаларында қазақстандықтар тұрақты түрде емделуде, сондай-ақ отандық мамандар оқудан өтуде.

2014 жылғы желтоқсанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Каннам Северанс клиникасымен бірлескен диагностикалық орталық ашылды. Бұл клиникамен Шығыс Қазақстан облысы белсенді өзара іс-қимылды жүзеге асыруда. Өңірде корейлік дәрігерлер шеберлік сабақтарын өткізуде, ШҚО-ның жайсыз аудандарының пациенттері консультациялық қабылдауда болып жүр. Сонымен қатар, Өскемен қаласындағы сауықтыру орталығы үшін мамандар даярланды және облыстық ауруханаға қымбат тұратын диагностикалық жабдық сыйға берілді. Биылғы жылы клиниканың жетекші дәрігерлерінің қайтарымсыз негізде күрделі операциялар жасау үшін келуі күтілуде.

Кездесуде сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары, соның ішінде медициналық орталық салуға және өңірлерде жедел жәрдем жүйесін жаңарту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелер қаралды.

Соңғы жаңалықтар