Б. Сұлтанов: Мемлекеттік қарызды басқару өте қатаң деңгейде жүргізіледі

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылдарда ЖІӨ өсімінің қарқыны мемлекеттік қарыздың көбеюі қарқынынан жоғары болды, сондықтан осы мәселе үнемі қауіпсіз деңгейде болып келген.
Министрдің атап өтуінше, экономика дамуы өсімінің бәсеңдеуіне байланысты, бюджеттің тапшылығына қатаң қарау жөнінде шешім қабылданған.
«Біз бүгінгі 1,6 пайыздан (бюджет тапшылығын), нақтылаудан кейін бұл көрсеткіш 2 пайыз деңгейінде болады, бірнеше жыл ішінде оны ЖІӨ-ге қарағанда 1 пайызға дейін қысқартпақпыз. Бұл өз кезегінде қарыздың өсуіне жол бермейді. Атап айтқанда, мемлекеттік қарызды басқару жұмыстары өте қатаң деңгейде жүргізілуде. Біз осы мәселені халықаралық қаржы институттарымен үйлестірудеміз және Парламент алдында есеп беріп келеміз, сондықтан да бұл тұрғыда қарыз бойынша қызмет көрсетуде бізде ешқандай да проблема жоқ», - деді Б. Сұлтанов.