09:56, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
Б. Жәмішев: «Халықтық IPO» тоқтатылмайды
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыру тоқтатылады деген қауесетті жоққа шығарды.

Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайтында хабарланды.
«Бұл қауесет негізсіз, «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыру тоқтатылмайды», - деді ол бейсенбі, 23 мамыр күні VI Астана экономикалық форумында журналистердің сауалына берген жауабында.
Б. Жәмішев стратегиялық нысандарға қатысты Бас прокуратураның түсіндіруімен байланысты заңдық мәселелер барын растады. «Ондай мәселелер бар. Қазір құқықтық жағын тексеретін жұмыс тобы құрылды, бұл стратегиялық нысандарды жоғалтып алу қаупін жою үшін қажет. Бұл мәселе зерттелуде, бұл құқықтық мәселе», - деді Жәмішев.