Б.Жәмішев ҚР Өңірлік даму министрі болып тағайындалды

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Б.Б.Жәмішев Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі қызметіне тағайындалды.
None
None

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Б.Б.Жәмішевті Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлығы

Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 қараша

№ 683

Соңғы жаңалықтар