Б. Жәмішев жобалар құнының қымбаттауының негізгі себептерін атады

Үкіметтің 11 қазандағы кеңейтілген отырысында Елбасы тарапынан жоба құнының қымбаттауына қатысты сын болғандығын атап өткен министр: «Біз құны өсіп, 47,7 млрд. теңгеге дейін артып кеткен 55 жобаны талдадық. Қымбаттау себебіне талдау жүргізілді. Көптеген деректердегі негізгі себеп - бұл тапсырыс берушінің жобалау шешімдеріне өзгерістер енгізуі. Бұл жобалардың нашар дайындығын білдіреді. Міне осыдан кейін өзгертулер енгізілген», - деді.
Бұдан бөлек, Б. Жәмішев жоба құнының қымбаттауына түрткі болған себептер қатарында құрылысты бастау мерзімдерін ауыстыру және уақытылы қаржыландырмауды, инженерлік қамтамасыз ету желілеріне қосылу шарттарын өзгертуді, материалдар мен жабдықтар құнын өсіру әрі инфляциялық үдерістерді атады.
Сондай-ақ ол жобалардың негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында министрлік қолға алған шаралардың да бар екендігін баса айтты. Оның атап өтуінше, ендігі уақытта тапсырыс берушіңің жобалық шешімге өзгерту енгізуіне тоқсауыл қойылатын болады. «Бұл әкімшілік шара болады. Дегенмен, оған экономикалық базаны негіздеу үшін біз жобаларды жүзеге асыруда типтік жобалар арқылы салуды талап етеміз. Біз бұл жұмыстарды енді ғана бастадық. Сондықтан 2014 жылы біз барлығын бірдей жаба алмаймыз. Егер жоба бюджетке енгізілсе, онда біз олардың құнын қарайтын боламыз», - деді министр.