10:48, 19 Наурыз 2013 | GMT +5
Б. Жұмағұлов «e-learninq» жобасын 2016 жылы аяқтауды ұсынды
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «e-learninq» жобасын 2016 жылы аяқтауды ұсынды.

«Әлемдік трендтерден қалып қоймау үшін электронды оқытуды жылдам игеруді қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты «e-learninq» жобасын аяқтау мерзімін 2020 жылдың орнына 2016 жылды белгілеп, қарқынды түрде енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұраймын»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, жобаны жедел түрде іске асыру параметрлерінің нақты есебі жасалды. Бұл өз кезегінде қысқа мерзім ішінде оқу үдерісін және электрондық қызметтерді толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді.
«Осылайша аталған технологиялар бойынша әлемдік деңгейге қол жеткіземіз»,-деп пайымдап отыр Б. Жұмағұлов.