Б.Жұмағұлов «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілерін Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «Жас ұлан» республикалық мектебінің жас тәрбиеленушілерін Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Жас ұландармен министр жаңа заманауи мектептің 7 корпусымен танысып шықты. Мектептің жаңа ғимараты өте қолайлы. Ол негізгі үш бөлікке бөлінген. Оқушылардың контингенті 18 сынып-кешенді құрайды, 5 оқу ротасында 84 адам бар. Бүгінде аталмыш мектепте орта білім беру, оның ішінде мемлекеттік және шет тілдерін тереңдетіп оқыту, әскери тәртіп пен толық мемлекетті қамтамасыз етудегі күшейтілген физикалық дайындық жүзеге асырылуда.

Оқушылар министрге ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын «Funny English» атты клуб ұйымдастырылғанын айтып өтті. Ал жоғарғы сыныптарда математика, физика сынды салалық пәндер топтарға бөлінетінін хабарлады.

Сонымен қатар, жалпы пәндерді оқыту бойынша 41 кабинет техникалық жабдықтармен қамсыздандырылған. Компьютерлік сыныптардың бірінде министр оқушылардың электрондық оқулықты қалай пайдаланатынын бақылады. Ұландықтар электронды оқулықпен қызыға оқитындықтарын, тиімді тәсіл арқылы есте жылдам сақтау мүмкіндігі артатынын айтты.

Білім министрі оқу үдерісіне өзінің оң бағасын берді. Сонымен қатар, БҒМ басшысы мектептегі оқу-әдістемелік істің дұрыс ұйымдастырылуына ықпал етіп отырған Қорғаныс министрінің орынбасары Иманжүсіп Ақпанбаев пен Қорғаныс министрлігі әскери білім мен ғылым департаментінің басшысы Еділ Оразовқа алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар