БАӘ Абу-Дабиде жасалған жаңа араб тіліндегі ЖИ Falcon Arabic-ті таныстырды

АСТАНА.KAZINFORM - Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық символы сұңқардың атымен аталған араб тіліндегі жаңа Жжасанды интеллект моделі елдің цифрлық технологияларды дамыту бағытын көрсетеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

 араб тіліндегі ЖИ Falcon Arabic
Фото: Technology Innovation Institute @TIIuae

БАӘ Абу-Даби Жетілдірілген Технологиялар Кеңесі (ATRC) әзірлеген Falcon Arabic атты араб тіліндегі жасанды интеллект үлгісін іске қосты.

Жаңа ЖИ моделі араб әлеміндегі жоғары технологиялар мен ЖИ саласындағы Әмірліктердің көшбасшылығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам, деп хабарлайды GlobalData.

Falcon Arabic Falcon 3-7B, 7 миллиард параметр үлгісінде құрастырылған және стандартты араб және аймақтық диалектілерді қамтитын жергілікті араб мәтіндерінің жоғары сапалы деректер жинағында дайындалған.

Әзірлеушілердің пікірінше, Falcon Arabic барлық араб тіліндегі ЖИ модельдері арасында ең озық өнімділікті көрсетеді және көлемі жағынан үлкен бәсекелестермен салыстыруға болады.

Falcon Arabic таныстырылымы өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамптың Әмірліктерге сапарымен тұспа-тұс келді, оның барысында екі тарап ЖИ келісімін жариялады.

Трамп келісім БАӘ-ге ЖИ үшін озық америкалық жартылай өткізгіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін, бұл Парсы шығанағы мемлекеті үшін үлкен технологиялық жетістік болатынын атап өтті.

Falcon Arabic-пен қатар, Falcon-H1 де көрмеге қойылған, ATRC бас хатшысы Фейсал Әл Баннай бұл Meta және Alibaba технологиялық алпауыттарының шешімдерінен жоғары екенін айтады.

- Бүгінде ЖИ саласындағы көшбасшылық - бұл ауқымды жарыс емес, ол технологияларды қуатты, қолжетімді және әмбебап етуге ұмтылу, - деді ол.

Falcon-H1 ЖИ іске қосу үшін қажетті есептеу ресурстары мен техникалық дағдыларды азайтуға бағытталған және оқыту деректерін пайдалану арқылы 100-ден астам тілдерді, соның ішінде еуропалық тілдерді қолдайды.

2025 жылдың мамыр айының басында Сауд Арабиясы жасанды интеллект технологияларын әзірлеуге және енгізуге арналған Humain компаниясының іске қосылғанын жариялады.

Осыған дейін Мәжілістің жасанды интеллект туралы үш заңның жобасын мақұлдағаны туралы жаздық,

 

Соңғы жаңалықтар