БАӘ астанасына мыңдаған бейнебақылау камерасы орнатылатын болады

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Әбу-Даби билігі қалалық бейнебақылаудың жаңа Falcon eye (Сұңқар көзі) жүйесін енгізіп жатыр. Ол әмірлік астанасының басым бөлігін бақылай алады.

БАӘ астанасына мыңдаған бейнебақылау камерасы орнатылатын болады

Falcon eye жүйесі БАӘ елордасының негізгі аудандарын, соның ішінде  Яс, Әбу-Даби халықаралық әуежайын және  Муссафа ауданын қамтиды.

Басқару орталығынан жолдарды бақылауға болады. Жүйе жолда жүру ережелерінің бұзылуын: озу үшін жол жиегін пайдаланғанын, заңсыз көлігін қойып кеткенін, сонымен қатар белгіленбеген жерде жиналуын  анықтайды.  

Әмірлік полициясының басшысы генерал-майор Мохаммед Халфан Аль Ромайти Falcon eye жүйесі «Әбу-Дабидің қауіпсіз қоғам құру бойынша стратегиясының бөлшегі екенін» айтты.