БАӘ әуе кеңістігіндегі шектеулерді 27 сәуірге дейін сақтайды

АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігіндегі шектеулерді 27 сәуірге дейін ұзартты. ТАСС мәліметінше, рейстер шектеулі дәліздер арқылы жүзеге асырылады, ал аймақтағы жағдай әуе қатынасына әсер етуді жалғастырып отыр.

БАӘ әуе кеңістігіндегі шектеулерді 27 сәуірге дейін сақтайды 
Фото: airarabia.com

Тиісті шешім елдің авиациялық билік органдары тарапынан қабылданды.

— Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігі кемінде 27 сәуір күні дүниежүзілік уақыт бойынша түске дейін (Астана уақытымен 17:00-ге дейін) ішінара жабық күйде қалады, — деп хабарлайды ТАСС Таяу Шығыстағы диспетчерлік қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жергілікті әуежайлар қатынау үшін алты әуе дәлізі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, ел аумағы арқылы Катар әуежайларына бағытталған тағы екі маршрут белгіленген.

Бұған дейін Катар шетелдік әуе тасымалдаушылары үшін өз әуе кеңістігін ашатыны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, Иран АҚШ-тың блокадасын алып тастау мәселесімен келесі келіссөздер кезеңіне қатысуды байланыстырып отырғаны туралы да хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар