БАӘ компаниясы Қазақстанның көлік-логистикалық кешенімен танысты
Кездесу барысында Қ.Алпысбаев мультимодальды көліктік-логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынатын компанияның бағыттары туралы айтып өтті, деп хабарлады «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Қ.Алпысбаев Қазақстан экономикасын дамытудағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ рөлін және елдің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыру бойынша компания жүзеге асыратын жобалардың маңыздылығын ерекше атап өтті. «Etihad rail» бас директоры Ф. Мазрузи «темір жол компаниялары арасындағы өзара іс-қимыл, көліктік саладағы байланыстың дамуы ҚР мен БАӘ арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі» деп есептейді. Ф. Мазрузи Қазақстанның көлік-логистикалық кешенінің мүмкіндіктерімен танысу үшін бұл сапардың аса маңызды екенін айтты және «қазақстандық әріптестердің темір жол салу мен басқарудағы тәжірибесі БАӘ темір жолдарын дамытуда табысты пайдаланылатынына» баса назар аударды.
«Etihad rail» делегациясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен және транзиттік, интермодальді тасымал келешегімен таныс болды.
«Etihad rail» темір жол компаниясының өкілдері «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Тұлпар Тальго» ЖШС, «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА нысандарына барды.