БАӘ мұнай өндіру көлемін екі еседен астам қысқартты
АСТАНА. KAZINFORM - Иранмен шиеленіс пен Ормуз бұғазының іс жүзінде жабылуы салдарынан Біріккен Араб Әмірліктерінде тәуліктік мұнай өндіру көлемі екі еседен астам төмендеді. Соның нәтижесінде мемлекеттік мұнай компаниясы Abu Dhabi National Oil Company өндірісте ауқымды тоқтату шараларын енгізуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Azertag.az.
Azerbaijan State News Agency агенттігінің Reuters деректеріне сілтеме жасап хабарлауынша, әлемдік мұнай тасымалының шамамен бестен бірі өтетін Ормуз бұғазы арқылы коммерциялық кеме қатынасының тоқтауы жаһандық энергетикалық нарықта елеулі іркілістерге әкелген.
Abu Dhabi National Oil Company теңіздегі кен орындарында мұнай өндіру көлемі қысқартылғанын мәлімдеді.
Сарапшылардың бағалауынша, Таяу Шығыста мұнай өндірудің жалпы қысқаруы қазір тәулігіне 7–10 миллион баррельге жетіп отыр. Бұл әлемдік сұраныстың шамамен 7–10 пайызына тең.
Осыған дейін Ормуз бұғазындағы жүк тасымалы 90%-ға төмендегені туралы жаздық.
Ал Иран Ормуз бұғазын ашпайтынын мәлімдеді.